Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында айтты.
ЕХӘҚМ басшысы Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге көшіру тетігі қайта қаралғанын атап өтті.
"Қоныс аударуды ынталандыру үшін жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Осыған орай қазіргі таңда 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударды, немесе жылдық жоспардың 87%-ы орындалды. Ішкі қоныс аударушылар негізінен Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары.
Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-ы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адам көшу шығыстарын өтеу үшін бір жолғы бір материалдық көмек алды. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде тұрғын үймен қамтамасыз етілді", – деп түйіндеді сөз соңын Светлана Жақыпова.