7,6 трлн теңгенінің тауары сатылды

977

7,6 трлн теңгенінің тауары сатылды

2016 жылы Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындары 7,6 трлн теңгенің тауарын сатқан. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды, деп жазды 7kun.kz.

Бір жыл ішінде қазақстандықтар 2,7 трлн теңгеге (35,7% бөлшек сауда) азық-түлік, 4,9 трлн теңгеге азық-түлік емес тауарлар (64,3% бөлшек сауда) сатып алған.

2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы тамаққа кеткен шығын 22,7%, азық-түлік емес тауарларға кеткен шығын 19,9%-ға артқан.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ірі сауда орындары 53,8% -ды (4,1 трлн теңге), ал жеке кәсіпкерлердің оның ішінде базардағы саудагерлердің үлесі 46,2% -ды (3,5 трлн теңге) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу