7-9 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

1169

Биыл 7-9 мамырда синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жылы, ал солтүстігінде күн суытады деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

7-9 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидрометтің болжамынша, алдағы мерекелік демалыстарда күн жылы болады. 

"Бірақ мұндай ауа райын тек оңтүстік өңірлердегі тұрғындары сезіне алады. Ираннан келетін жылы циклон, елдің оңтүстік жартысына ауыса бастайды, күн сайын ауа температурасы жоғарылайды", - деп жазылған ауа райы болжамында.

Ал солтүстік өңірлерде күн салқын болады.

"Солтүстік облыстар суық антициклонның ықпалында болады. Өте жоғары жылдамдықпен ол ауа температурасының қысқа мерзімге, бірақ айтарлықтай төмендеуіне әкеледі – түнде термометрлер қайтадан нөлден төмен түседі", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу