"7 адамның өмірін жалмады": Қатардың әскери тікұшағы апатқа ұшырады

Оқиға Парсы шығанағы аумағында тіркелген.

"7 адамның өмірін жалмады": Қатардың әскери тікұшағы апатқа ұшырады Фото: pixabay.com

DW басылымының жазуынша, тікұшақ апаты елдің аумақтық сулары үстінен ұшып бара жатқан сәтте басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қатар әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, 7 адам оқиға орнында опат болды. Борттағы 6 адамның денесі табылғаны туралы осыған дейін хабарланған еді, десе де тағы бір ұшқыштан әлі күнге дейін хабар болмай тұр. 

Қатар билігінің мәліметінше, қаза тапқандардың төртеуі – Қатар әскери қызметкері, қалған үшеуі – түрік азаматы. 

Анкара апатқа ұшыраған тікұшақ бортында түрік әскери қызметшісі мен Aselsan әскери-өнеркәсіптік корпорациясының екі технигі болғанын растады.

Қатар Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде тікұшақ жоспарланған жаттығу-ұшуы кезінде техникалық ақауға ұшырағанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу