7 айда ҚТЖ желісінде 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

344

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісінде жүктерді тасымалдау көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2% өсті.  

7 айда ҚТЖ желісінде 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды Фото: rail-news.kz

Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 97,2 млн тоннаға жетіп, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% өсті және 53,4 млн тоннаны құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Есепті кезеңде ҚТЖ бүкіл желісі бойынша 60,4 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар – маусым көрсеткішінен 3,5% артық. Жалпы көлемнің 40,9 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жөнелтілсе, бұл былтырңы деңгейден 3% артық. Экспортқа 18,8 млн тонна көмір жөнелтіліп, өсім 3,1% құрады.

Астық тасымалдауда оң динамика байқалды. 2026 жылдың 7 айында 8,1 млн тонна астық тасымалданды. Астық экспорты 10,4% өсіп, 6,3 млн тоннаға жетті, республика ішінде 1,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6% артық. Экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 1,3 млн тоннаны құрап, 14% артты.

Осы жылдың қаңтар – шілде айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кенді тасымалдау 12,5 млн тоннаны, құрылыс материалдарын тасымалдау 11,3 млн тоннаны құрады.

Өсім жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша тіркелді: темір кенінің 13,8 млн тоннасы (+16,6 %), мұнай өнімдерінің 15,2 млн тоннасы (+ 1,5%), шикі мұнайдың 1,2 млн тоннасы (+3%), өзге де жүктердің 36,9 млн тоннасы (+4,2%) тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу