Ауыл шаруашылығы министрлігінде Аграрлық саясат жөніндегі кеңестің отырысында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол карталары таныстырылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі..
Карта әр бағыт бойынша негізгі мәселелерді анықтайды сондай-ақ, кеңейтілген талдау жүргізе отырып, тиісті бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдайды.
Жол картасы келесі негізгі бағыттар бойынша әзірленді: тұқым шаруашылығын, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін, агрохимияны, азық өндірісін (азық теңгерімі), отарлы қой шаруашылығын, көтерме сауда орталықтарын дамыту және егістік жерлерді игеру.
АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру картасы негізінде ауыл шаруашылығы техникалары парктерінің жай-күйімен қоса ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін кәсіпорындардың әлеуетіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы техникалары паркіндегі тракторлардың 65%, комбайндардың 46% пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан. Сондай-ақ тракторлардың 15% істен шыққан, 26% есептен шығаруға жатады. Комбайндардың да жағдайы осындай.
Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейді. Осы себептен, егін жинау жұмыстары кезінде дәнді және майлы дақылдардың 14% уақытында жинап ала алмау 200 млрд теңге шығын келтіріп отыр.
Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру картасы әзірленді.
Жалпы, картаның негізгі мақсаты шаруалардың кірісін 20%-ға көтеру, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттыру және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңарту.
Тұқым шаруашылығы картасын әзірлеу қажеттілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасының төмендігінен және тұқым шаруашылығы техникаларын жарақтандыру және тұқымның тиімсіз сорттарын пайдаланудан туындады.
Элиталы тұқым шаруашылығына талдау жүргізу нәтижесінде егіс жинау техникаларының жартысы яғни 2/3 тұқым тазалау техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдаланылған. 83%тұқым себетін, 72% астық жинайтын, 94% тұқым тазалайтын құралдар жаңартуды талап етеді. Тұқым шаруашылығында пайдаланалатын техникалардың электр қуаты мен құрал-жабдықтарынның шығыны 1,1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ ескірген тұқым тазалайтын техникалар тұқымның сапасын төмендетеді. Осыған орай, тұқым шаруашылығына талдау жүргізіліп, нақты жүйелік шаралар әзірленді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықтандыру, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру жол картасының негізгі бағытының бірі болып табылады. Бүгінгі күні жем-шөптің тапшылығы өткір мәселе.
Мал азығы өнімін дамыту үшін келесі шаралар қолданылады: 1 гектарүшін бір жылдық және көп жылдық шөптерді субсидилауды жалғастыру, құнары мол жем шөп шығаратын кіші цехтарды сатып алушыларға субсидия беру, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ-нан қажеттіліктер үшін арпа сатып алу.
Шаруаларды дер кезінде тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Жыл сайын 260-290 мың тонна тыңайтқыш себіледі бұл негізгі қажеттіліктің 10% ғана.
Агрохимиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша топырақ алаңдарында азот және фосфордың үлесі төмен екендігі байқалады.
Кішігірім жер телімдері бар көптеген шаруалар тыңайтқыштарды тікелей зауыттардан темір жол арқылы жеткізу тиімсіз болып келеді. Сондықтан өнімдердің түр-түрін жақын қоймалардан сатып алу тиімді.
Агрохимияны дамыту картасы аясында әр облыс үшін жерді тыңайтудың бірыңғай нормасын енгізу ұсынылады. Бұл қосымша тыңайту көлемін, негізгі тыңайту түрлерін субсидиялау үшін қосымша 3,9 млд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыңайтқыштарды енгізу көлемі 261-ден 777 мың тоннаға артады немесе тұтыну көлемін 10%-дан 30%-ға көбейеді.
Соңғы 6 жылда азық-түліктің көтерме сауда өндірісі өсті. Оның 80%-дан астамы шағын сауда орталықтары болса, 9% ірі көтерме форматта жұмыс істейді. Бұл көлік шығындарының ұлғайуына, тауарларды тиеу, түсіру кезінде өнімдердің зақымдануына әкеледі. Қазақстанда тауарларды тасу кезіндегі өнімдердің зақымдануы 40%-ды құрап отыр. Осының бәрі азық-түлік шығынына әсер етуде. Тауар өндірушілерден тұтынушыға жеткенше баға 2,3 не одан да көп өсіп кетіп жатыр.
Соның әсерінен тұтынушы мен тауар өндірушілердің ортасындағы делдалдар пайда көріп отыр.
Көтерме-сауда орталығын дамыту картасы аясында азық-түлік тауарларын көтерме саудамен алу бойынша анализ жүргізілді. Карта бойынша көтерме-үлестіру орталығы сияқты бөлшек сауда үшін азық- түлік тауарларын көтерме саудамен сату ұйымдастырылатын жер, үй алдында дүкендер, мейрамхана, кафе, қонақ үйлер жүйесі бірыңғай көтерме тобын құру ұсынылады.
Өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту картасы аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арам шөптермен зиянды және аса қауіпті организмдермен күресу, карантинді объектілерді жою үшін пестицидтерді және биопрепараттарды сатып алған шығынын субсидиямен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жеке меншік иелеріндегі бақшаларда жойылған жеміс ағаштарының шығындарын өтеу.
Отарлы қой шаруашылығын дамыту картасы аясында мал жайылымдарымен қамтамасыз ету жайылым аумақтарының жабдықталу инфраструктурасын жарақтандыра отырып, шаруашылықта малдарды жасанды ұрықтандыру арқылы қозы етін үздіксіз жыл бойы сыртқы нарыққа шығару және жүнді қайта өңдеуге ынталандыру.
Таныстырылған жол картасы кеңес мүшелерінің қызығушылығын тудырып, бір ауыздан қолдады.