8 қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1078

Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

8 қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

"Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған "Автомобиль" атты кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы барысында автокөлік ұрлығымен айналысқан 7 қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, ішкі істер министрлігінің бастамасымен қылмыстық кодекске түзету енгізілді. Бұл татуласуға байланысты күдіктілердің жауапкершіліктен жалтаруына кедергі келтіріп, жаза мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 

"Ішкі сауда ережесіне" енгізілген өзгеріске сәйкес, автобөлшекті автокөліктердің қосалқы бөлшегін сатуға рұқсат берілген мамандандырылған дүкендерде, сатып алу және сату шартын міндетті түрде жасау сондай-ақ автокөліктің қосалқы бөлшектерін суретке түсіру арқылы сату қажет. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-1бабы бойынша заң талабын бұзған сатушыларға айыппұл салу жазасы қарастырылған", – деді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу