7 миллион рубль үнемдеудің соңы 60 адамның ажалымен аяқталды

601

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда алапат өрт болған еді.

7 миллион рубль үнемдеудің соңы 60 адамның ажалымен аяқталды

Ресейдің Кемеров қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығының иесі Юлия Богданова өрт сөндіру жүйесінің бұзылғаны туралы білген болып шықты, деп хабарлайды Atameken TV.

Юлия Богданованың жүйені жөндеу үшін қажетті қаражат бермегендігі анықталды.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша ғимараттың иесі шамамен 7 миллион рубль үнемдемек болған. Нәтижесінде, оқиға кезінде, автоматты өрт сөндіру жүйесі жұмыс істемеді.

Естеріңізде болса, Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда болған өрттің салдарынан 60 адам ажал құшты. Оның басым көпшілігі балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу