7 миллионнан астам қазақтандықтың несиесі бар

1134

Қарыздың жалпы сомасы 15 трлн теңгеден асады

7 миллионнан астам қазақтандықтың несиесі бар Фото: dauletten.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қанша қазақстандықтың банктерден несие алғаны туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Мұндай ақпарат Ұлттық Банктің Мәжіліс депутаттарының осы жылғы 23 маусымдағы ресми сауалына жауап ретінде берілген.

Жауапта Ұлттық Банк макропруденциалдық саясатты қалыптастыру мақсатында жүйелі қаржы дағдарысының туындау қаупін болғызбау мақсатында қаржы ұйымдарының банктік және басқа да операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге шектеулер енгізуге құқылы екендігі айтылған.

"Осы құзырет шеңберінде Ұлттық банк борыштық жүктеме коэффициентінің (бұдан әрі – БЖК) 0,5-ке тең ең жоғары деңгейін белгілейді. Бұл ретте БЖК есептеу және қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – агенттік) белгілейді және пруденциялық нормативтердің құрамына енгізіледі. Осылайша, банктер мен МҚҰ-ның пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде БЖК есебін сақтауын бақылау Агенттіктің құзыретіне кіреді", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 939 000 қазақстандықтың банкте кредиті бар. Қарыздың жалпы сомасы 15 трлн теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу