7 млн оқырманы бар танымал қытайлық блогер Қазақстан туризмінің елшісі атанды

419

Ол еліміздің 3 өңірінде болды.  

7 млн оқырманы бар танымал қытайлық блогер Қазақстан туризмінің елшісі атанды Фото: instagram/taotaoaima

Қытайдың танымал блогері Қазақстан туризмінің елшісі атанды. Бұл туралы Kazakh Tourism компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таотао есімді блогер 7 миллиондық аудиториясына еліміздің бай мәдениеті мен табиғатын таныстырып келеді.

Қытайлық инфлюенсер Қазақстанның 3 өңірімен танысып үлгерді. Ол алғаш рет елімізге 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында келген. Бұл жолы Таотао Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірегей табиғи жерлерін саяхаттап, Астана және Алматы қалаларының айналасымен танысып жатыр.

Таотао атқа мінгенді ұнатады. Ол еліміздің мәдениеті мен көркем табиғи ландшафттарына ерекше назар аударады. Блогер өз жарияланымдарында қазақтың дәстүрлі киімдері мен ұлттық асхананы паш етіп, бүркітпен аң аулау сияқты бірегей сәттермен бөлісіп отырады.

"Мұндай құрметті мәртебенің берілгеніне аса қуанып, ризашылығымды білдіремін. Барынша көп адам Қазақстан жайлы білсін және келсін деген ниетпен әсем табиғаттарыңыз бен ұлттық тағамдарыңызды көрсетуді жалғастырамын", – деді Таотао.

Былтыр "ҚР туризмінің елшісі" миссиясын жапондық блогер Юджи Натсума атқарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу