7 мың метр биіктікте қалған ресейлік альпинистті бір аптадан бері құтқара алмай жатыр

90

47 жастағы спортшы 12 тамызда аяғын сындырып, сол биіктікте қалып қойған. 

7 мың метр биіктікте қалған ресейлік альпинистті бір аптадан бері құтқара алмай жатыр Фото: natalina_1022

Қырғызстандағы Жеңіс шыңында (7439 м) апатқа ұшыраған ресейлік альпинист Наталья Наговицынаға құтқарушылар әлі жете алмай отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жолсерігі алғашқы көмек көрсетіп, төменге түскен. Ал келесі күні көмекке келген шетелдік альпинистер жағдайды үйлестіре алмай, Натальяны ұйықтайтын қапқа орап қалдырған. Қазір оның азығы жоқ, ал суы таусылуға жақын. Дроннан түсірілген бейнежазбадан ол шатыр ішінде тірі жатқаны анықталды, бірақ кадрдың нақты қашан түсірілгені белгісіз.

Қырғызстан ТЖМ дерегінше, соңғы құтқару әрекеті 16 тамызда жасалған. Ауа райының қолайсыздығынан тікұшақ апатты жағдайда қонып, экипаж жарақат алған. Кейін Қорғаныс министрлігі 17 тамызда тағы да сәтсіз әрекет болғанын хабарлады. Келесі ұшу 20 тамызға жоспарланған, бірақ қарлы боран мен нашар көрініс тікұшақтардың көтерілуіне мүмкіндік бермей тұр.

Соңғы он күнде Қырғызстан тауларында екі ресейлік және бір италиялық альпинист көз жұмып, тағы бір ресейлік пен бір неміс жарақат алған.

Айта кетейік, Натальяның күйеуі Сергей Наговицына да 2021 жылы Хан-Тәңірі шыңында (6900 м) қайтыс болған. Сол кезде инсульт алған спортшыға әйелінің қасында болғанына қарамастан көмек көрсетілмеді. Кейін Наталья жұбайына арнап шыңда ескерткіш тақтайша орнатып, бұл оқиға туралы "Хан-Тәңірінде қалу" деректі фильмі түсірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу