"Бүгінгі күні "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің мәліметі бойынша, Қазақстанға Ресей Федерациясынан 353 мың азамат уақытша түрлі мақсатта келді. Мәселен, жеке жұмысы, халықаралық тасымалдар, іскерлік мақсат, туризм, тұрақты тұруға, оқуға, транзит және өзге де мақсаттармен. Оның ішінде 6 940 жұмыс бабымен келген.
Айта кету керек, Қазақстан аумағындағы Ресей Федерациясының азаматтары биылғы жылдың тек қыркүйек айында келген жоқ. Сонымен қатар күн сайын Қазақстаннан мыңдаған ресейлік өз еліне қайта оралуда", – деді вице-министр Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 21 қыркүйек Ресей Президенті ішінара мобилизация туралы құжатқа қол қойды. Содан бастап көрші ел азаматтары елімізге ағыла бастады.
Нәтижесінде, шекаралық және Алматы сынды ірі мегаполистерде жалдамалы пәтер бағасы қымбаттады.