7 мыңға жуық мигрант Мексика мен АҚШ шекарасына қарай бет алды

353

Америка Құрама Штаттарына кіргісі келетін заңсыз иммигранттардың мәселесі шекаралас мемлекеттер үшін де өзекті проблемаға айналды. 

7 мыңға жуық мигрант Мексика мен АҚШ шекарасына қарай бет алды Фото: pixabay.com

Тек 2023 жылдың қыркүйегінде Американың шекара қызметі АҚШ-Мексика шекарасын заңсыз кесіп өткен 200 мыңнан астам мигрантты ұстады. Бұл деректерді Америка Құрама Штаттарының Ішкі қауіпсіздік департаменті ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап.

Мигранттардың соңғы керуені "Рождество" мерекесі қарсаңында Мексиканың оңтүстігіндегі Тапачула қаласынан елдің Гватемаламен оңтүстік шекарасына жақын жерде жолға шықты. Оның жетекшілері "Кедейліктен шығу" деген жазуы бар баннерді ұстаған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мигранттардың басым бөлігі Куба, Гаити және Гондурастан болғанын, бірақ кейбіреулері тіпті Бангладеш пен Үндістаннан келген. Сондай-ақ, көбісі транзиттік рұқсатты бірнеше ай күтіп, керуенге қосылу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

Сонымен қатар, керуенмен бірге жүрген мигранттардың құқығын қорғаушы Луис Гарсиа Вильягранның айтуынша, солтүстікке жаппай жорыққа қосылу Тапачулада қалып қойған көптеген мигранттар үшін соңғы шара болды.

"Негізгі мәселе мынада – оңтүстік шекара Гватемаламен ашық және оны күн сайын 800-ден 1000-ға дейін адам кесіп өтеді. Тапачуладан шықпасақ, қала күйрейді. Мексика мемлекетіне айтатынымыз: бұл бізге жағалаудағы тас жолмен жүруден және мүмкіндігінше жаяу жүруден басқа таңдау қалдырмады", - деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу