7 мыңға жуық оқушы мерекелік шеруге қатысты

804

7 мыңға жуық оқушы мерекелік шеруге қатысты

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі екінші жыл қатарынан  Астананың 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп отыр. Оған мектеп оқушылары мен колледж студенттері, музыкалық мектеп, өнер мектебі, Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері және  ҚазҰӨУ студенттері қатысуда. Бұл шараға біз екі ай бойы дайындалдық", – деді М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы басшысының орынбасары Алмагүл Жапарова. 

Шараға қатысушылар Абай, Республика даңғылдары мен  Кеңесары көшесінің бойымен жүріп өтуде.

Шеру ұйымдастырушылары өз алдына балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін дамытып қана қоймай, олардың өз білім мекемесіне деген мақтаныш сезімін ояту, республикалық білім мекемелерінің абыройын көтеру міндетін қояды. 

Шерудің бірден бір ерекшелігі оның әр колоннасы музыкалық жанр іспеттес. Олардың әрқайсысы қаланың төрт ауданын бейнелейді.

Мәселен, Байқоңыр ауданы жаңашылдық пен даму энергиясын танытатын модернді көрсетсе, Сарыарқа ауданы – фольклорлық әуенді шырқатып, көрермендерді ұлы ұрпағымыздың тарихына кенелтеді. Алматы ауданы ұлы музыканттардың өшпес туындылары арқылы қатаң классикалық әуенге, Есіл ауданы эстрадалық музыкаға бөлейді. 

Бұл іс-шара елорданың мәдени өміріндегі ерекше оқиға ретінде орын алады. Қызықты репертуар, әртүрлі музыкалық аспаптар, туындылардың аранжировкасының ерекшелігі, қатысушылардың киім үлгілері, осылардың барлығы балалар мерекесін ұмытылмас, әрі жарқын ете түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу