7 мың бала мектепте орнатылған QR-код арқылы көмек сұрады

107

Бұл код елдегі мектептердің көбіне қойылған. 

7 мың бала мектепте орнатылған QR-код арқылы көмек сұрады Фото: РИЦ «Югра

Биылғы 1-7 желтоқсан аралығында 7 мыңнан аса бала QR-код арқылы сенім қызметіне жүгінген. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір апта ішінде сенім қызметіне 7 мың бала өзін алаңдатқан сұрақ бойынша көмекке жүгінген.

Ерлан Қариннің сөзінше, Цифрлық даму министрлігі QR-кодты қысқа мерзімде дайындаған. Бүгінде бұл код республикадағы мектептердің көбіне қойылды. QR-код білім ордасындағы кіре берістерден бастап, дәретхана мен асханаларға дейін ілінген.

"Осыған дейін бір жылда QR-код арқылы мың бала ғана көмекке жүгінсе, бір аптада бұл көрсеткіш 7000-ға жетті. Көп бала қиын жағдайда жүрген. Балалар құқығы жөнінде арнайы уәкіл Динара Закиева әрбір жағдай жеке-жеке талданатынын хабарлады", – деді Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу