7 мыңнан астам азамат ипотекасын қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды

1040

Әлеуметтік осал топқа жататындар 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап несие алған банкке барып, өтініш қалдыра алады.

7 мыңнан астам азамат ипотекасын қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды

Жаңа жылдан бастап 7 мыңнан астам азамат ипотекасын қайта қаржыландыруға мүмкіндік алды. Atameken Business телеарнасының ресми сауалына жауап берген Ұлттық банк өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік осал топқа жататындар 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап несие алған банкке барып, өтініш қалдыруға болады. Сондай-ақ несиемен алынған жалғыз баспанасы банктің иелігіне өтіп кеткендер де аталмыш көмекке жүгіне алады. Ұлттық банктегілер әр тұрғынның мәселесі жеке қаралатынын айтады. Керек құжаттарды несиені рәсімдеген банктен білуге болады. Айта кететін тағы бір жайт, пайыздық үстемесін әр банк өзі анықтайды.

"Несиесін төлей алмай жүрген борышкерлерге қосымша көмектің қалай берілетінін әр банк өз ішінде шешеді. Аталмыш көмек әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға қаржылық институт алдындағы қарызын уақытында төлеуге мүмкіндік береді. Ол үшін Үкіметтің тапсырмасы бойынша барлық әкімдіктерде қосымша жұмыс тобы құрылған",– делінген банк жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу