7 облыста 22 жаңа су қоймасы салынады

2031

Олар – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістанда салынады деп жоспарланып отыр.

7 облыста 22 жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанның 7 облысында 22 жаңа су қоймасы салынады, деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. Олар – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістанда салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта  техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жалғасуда.

Төтенше жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ су қоймаларының қауіпсіз жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін 41 авариялық су қоймасын қайта жаңарту көзделген. Оның ішінде өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 нысан қалпына келтірілген.

2019 жылы 6 апатты су қоймасын қайта жаңарту аяқталады. 5 апатты су қоймасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 21 нысан бойынша ЖСҚ әзірленуде.

3 гидротехникалық құрылыс аяқталды, сондай-ақ 1 аса апатты объектіні күрделі жөндеу аяқталды. Бұл 16 ауылдық елдімекеннің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін сумен кепілді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Батыс Қазақстан облысында 61 мың адам 180,0 мың га жайылымды суландыруға су беру үшін қосымша су шаруашылығы инфрақұрылымымен қамтамасыз етілді.

Бұл сондай-ақ Қызылорда облысында 48,5 мың га, Түркістан облысында 5,0 мың га, Жамбыл облысында 6,8 мың га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге кепілдік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу