7 өңірде ауыр жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді

876

Шектеу 1 сәуірге дейін сақталады.

7 өңірде ауыр жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның 7 облысында жолдардың сапасын сақтау үшін 8 тоннадан асатын жүк көлігінің жүруіне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шектеу көктемде жолдың сапасын сақтау үшін енгізілген.

"Бесінші жол-климаттық аймағына" Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары кіріп отыр. Мұнда салмағы 8 тоннадан асатын жүк көлігінің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Ол 1 наурыз – 1 сәуір аралығында сақталады", - деп жазылды хабарламада.

Сондай-ақ ИИДМ бұл шектеу қандай көліктерге қолданылмайтынын түсіндірді.

"Шектеу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, жүк, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды", - деп жазылды хабарламада.

Сонымен қатар 23 наурыздан 1 мамырға дейін бұл шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды облысы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу