7 өңірде пияз бағасын түсіру мүмкін болмай тұр

516

Елдің 7 өңірінде пияз бағасы шарықтауын тоқтатар емес.  

7 өңірде пияз бағасын түсіру мүмкін болмай тұр Фото: inbusiness.kz

Алматы, Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар мен Түркістан өңірлерінде жуа құнын түсіру мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы. 

Бұл - әкімдіктердің бағаны тұрқтандырудағы жұмысының тиімсіздігі. Мұндай ақпаратты Сауда министрлігі таратты. Қазір Астана мен Ұлытауда, пияздың құны біраз төмендесе, 10 облыста қымбатшылық ауыздықталған. Десе де, кей өңірлердегі сауда желілерінің сұранысы қанағаттанбайды.

Мәселен, кәсіпкерлер аптасына 6 тоннаға тапсырыс берсе, оның тек 2 тоннасы жеткізілетін көрінеді. Сондықтан министрлік, әкімдіктермен қор тапшылығын жою үшін жұмыс істеп жатқанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу