7 партияның да кандидаттары тіркелді

721

Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын 7 партияның да кандидаттары толықтай тіркеуден өтті. 

7 партияның да кандидаттары тіркелді

Бүгін саяси додаға қатысатын екі бірдей бірлестіктің үміткерлер тізімі мақұлданды. Соңғы болып тіркеуден өткен "Amanat" пен "Respublika" партиялары. Аманаттықтар мандатқа үмітті 119 өкілін тіркесе, жақында ғана негізі қаланған "республиканың" ұсынған 4 бірдей кандидаты додадан тыс қалды. 

Биылғы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға ниет білдірген 7 партия берілген уақытта өз кандидаттарын ұсынып, орталық сайлау комиссиясының ақырғы жауабын алып үлгерді. Олардың арасында ең көп кандидат әдеттегідей Аманат партиясынан тіркелді. Партиялық тізіммен 90 адам депуттатық мандаттан үміт етсе, 29-ы бір мандаттық округтен бақ сынап көрмек. Мажоритарлық жолмен партиялықтардың мандатқа ұмтылуы жекелеген өзін-өзі ұсынушыларға ешқандай кедергісін келтірмейді дейді аманаттықтар. 

"Бір мандаттық округтерге кез-келген тәуелсіз, өзін-өзі ұсынатын азаматтар заңның аясында олардың Конституциялық құқығы бар. Партияның біздің жарғымызда да жазылған. Бұл әлемдік тәжірибе. Кез-келген саяси партия бір мандаттық округқа өзінің партияның қатарында жүрген белсенді, беделді азаматтарды ұсынуға міндетті деп мен есептеймін. +Әділ сайлау болатын болса кімнің беделі сол белгіленген өңірде жоғары кімнің мүмкіндігі жоғары кімге дауыс көп береді сол жеңіске жетеді", дейді "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Ақ жол да аз кандидат ұсынбады. Үміткерлердің ұзын саны 78. 54-і партиялық тізімге енген. Халық партиясынан 67 кандидат тіркелді. Ауыл партиясы тізімге 25 іріктелген үміткерін қосып, 9 азаматқа жекелеген мандатпен жол ашқан. Соңғы болып тізімін бекіткен Республиканың әу баста ұсынған 29 мүшесі емес, 25 ғана сайлауға түсе алады. 4 азаматтың  жарыс жолынан ерте шығып қалуына не себеп болды? Бұл қатарда белгілі кәсіпкер бір мандатты округтен сайлауға түсуге дайындалған Сырымбек Тау да бар.

"Сырымбек Тау елімізде 19 жылдай тұрды. Бірақ заң бойынша тіркелгені 2013 жылдың 8 айынан. Қазір бізге жетіспейтіні 7 ақ ай. Бағила Балтабаева да бір мандатты аумақтан қатысуға бас тартты соңғы уақытта", дейді "Respublika" партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров.

Тағы екі азамат партиялық тізімнен өз еріктерімен шығарылды. Жуырда құрылған тағы бір партия Байтақ 22 үміткер ұсынды. Бұл жолғы додадан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да шет қалмауға бекінген. Оппозиция өкілдері 25 кандидатты қамдап отыр. Партиялардың барлығы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квотаны да сақтапты.  Олардың тізімдегі пайыздық үлесі бәрінде бірдей 30 пайыздан асады. Ал 3 күннен кейін саяси бірлестіктер өздерінің үгіт насихат жұмыстарын бастайды. Науқан 1 айға жалғасады. Ал тура 32 күннен кейін сайлау. Сайлау барысын 3 халықаралық ұйым мен 6 мемлекеттің 72 өкілі бақылайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу