Рейс Алматыдан Инчхон қаласына аптасына екі рет ұшады, деп хабарлайды inbussiness.kz сайты Kazakh Tourism компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның Eastar Jet әуекомпаниясының аталған бағыттағы рейстері дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Оңтүстік Кореядан ұшу уақыты сағат 19:30, Қазақстанға сағат 22:45 келеді. Кері рейс Алматыдан сағат 23:45-те аттанады және келесі күні сағат 9:50 Инчхон қаласына жетеді.
Бұл – Eastar Jet әуекомпаниясы үшін ең ұзын бағыттардың бірі.
"Былтыр Қазақстанға Оңтүстік Кореядан 40,2 мыңға жуық турист келген. Алматыдағы шетелдік жұмысшылар мен этникалық корейлер тарапынан да сұраныс жоғары, туристер үшін де екі тарап тартымды", – деп хабарлайды Ұлттық компания.