7 сәуірден бастап Алматыда жүруге арналған барлық анықтамалардың күші жойылады

921

Шаһарда электронды деректер базасы құрылды.  

7 сәуірден бастап Алматыда жүруге арналған барлық анықтамалардың күші жойылады

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді", – деп жазылған хабарламада.

Ал электронды базаға байланысты қосымша сауалдардың жауабын Алматы полиция департаментінің байланыс орталығынан білуге болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу