Оқушыны 7 - сыныптан бастап кәсіби бейімдеу ұсынылды

956

Оқушыны 7 - сыныптан бастап кәсіби бейімдеу ұсынылды

"Атамекен" оқушылардың ерте кәсіби мамандануы жүйесін ұсынады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды atameken.kz.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында "дипломды жұмыссыздық" белең алған, білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес келмейді. 
"Жыл сайын 354 мың оқушы мектеп бітіреді, 21 мыңдай азамат орта мектепті бітірген соң не коллеждге, не жоғары оқу орнына түспейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде барлық оқушылардың 55%-ын ғана жұмыспен қамтиды. Орта есеппен мұндай мамандар жоғары жалақы алмайды. Дәл осындай жағдай жоғары оқу орындарында да бар", – деді Эльдар Жұмағазиев.
Мәселені шешу үшін "Атамекен" 7-сыныптан бастап, балаларды кәсіби бағдарлап, олардың бойында қандай қабілет болса, соған қарай бейімдеу керек дегенді ұсынады.
2017 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдары мен ветеринария саласын бітірген түлектер саны 2 345 адамды құрады, ал 2020 жылға дейін бұл мамандарға деген қажеттілік небәрі 2 614 адамды құрайды.
"Яғни, бір ғана жылы бітірген түлектер санымен  қажеттілікті толығымен жабуға болады, бірақ гранттағыларды жұмысқа орналыстыру 42%-ды ғана құрайды (983 адам), түлектердің көбі ауылға жұмыс істеуге бармайды. Біз сапалы білімге қажетті шығындарды толығымен қамту үшін грант құнын жоғарылатуды сұраймыз. Бюджеттік мүмкіндіктер шектеулі екені түсінікті, сондықтан грант құнын гранттар санын азайту арқылы көтеруге болады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу