7 ұйым саяси партия ретінде тіркеуге алынбайды

1230

Әділет органына өтінім берген 5 ұйым бастамашыл топты көрсетпеген.

7 ұйым саяси партия ретінде тіркеуге алынбайды

Мәжілістің жалпы отырысында әділет вице-министрі Наталья Пан саяси партияларға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Әділет министрлігі уәкілетті орган ретінде саяси партиялардың мемлекеттік тіркеуге алынуын қадағалайды. 2019 жылы 2017-2018 жылдармен салыстырғанда саяси белсенділіктің артқаны байқалды. Бұған 7 ұйымның саяси партия ретінде тіркелуге ниет білдіруі дәлел", – деді вице-министр.

Ол өтініш берген 7 ұйым саяси партия ретінде тіркеле алмайтынын айтып, мұның себебін түсіндірді.

"7 ұйымның бесеуі бастамашыл топты көрсетпеген. Бір ұйымның қызмет ету мерзімі аяқталған. Бір ұйымның құрамында шетел азаматтарының, құқық қорғау органдарының, әскери қызметкерлердің, судьялардың бар не жоқ екені анықталып жатыр", – деді Наталья Пан.

Қанат Махамбет

Фото: kazpatent.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу