7 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

715

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

7 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

"Қылмыстық топтың басшылары мен қатысушыларына қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың 7 көшбасшысы мен 34 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", – деді Бақытжан Әмірханов. 

Оның сөзінше, Қарағанды облысында 2020 жылдың тамызынан бері  интернет-ресурстары арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 7 адам ұсталды. Олардан 11 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

"Қылмыстық топқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297, 264, 262 баптарының тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді басқарма басшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу