7 жасар Милана Давыдованы өлтірген ер адам сотта қолын кесіп тастады

398

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.  

7 жасар Милана Давыдованы өлтірген ер адам сотта қолын кесіп тастады Фото: видео скриншот

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

"Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу