Венада өткен Балаларға арналған халықаралық көркемөнер байқауында қазақ қызының ядролық жарылыстардан азат әлем туралы суреті үздік деп танылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойған барлық елдер үшін 5-тен 17 жасқа дейінгі балаларға арналған сурет байқауы жарияланған болатын. Ұйымдастырушыларға әлемнің 25-тен астам елінен 1 мыңнан астам жұмыс келіп түскен. Таңдалған 12 жеңімпаздың қатарында Ақтау қаласындағы ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық федерациясына кіретін Абыл Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебінің оқушысы Жасмин Кеңесбайдың (7 жаста) да суреті бар.