Ақмола облысы
Республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 18-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 92-164-шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі.
Павлодар облысы
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы
"Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы" автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.
Павлодар облысы
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.