7 жылда жүзеге асырылатын жоба 13 жылдан бері аяқталмай келеді

"Астана қаласының ЖЭО-2 кеңейту" жобасы 2016 жылы аяқталуы тиіс еді. 

7 жылда жүзеге асырылатын жоба 13 жылдан бері аяқталмай келеді Фото: gov.kz

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Жоғарғы есеп палатасының басшысы Наталья Годунова мәлімдеді. 

"Мемлекеттік сараптама қорытындысында айқындалған құрылыс мерзімдері сақталмайды.

Мысалы: "Астана қаласының ЖЭО-2 кеңейту" жобасын іске асыру ұзақтығы 7,5 жылға есептелген. Аталған объектіні реконструкциялау 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және 2016 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда, барлық ұзартуларды ескере отырып, осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр (13 жылдан астам)", – деді спикер. 

Жоғарғы есеп палатасы басшысының айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін объектілерді пайдаланушы ұйым әртүрлі сылтаулармен қабылдамайды, ал іс жүзінде бұл салық міндеттемелерінің ұлғаюынан жалтару үшін жасалады. Тек Астана қаласы бойынша 30 млрд теңгеге осындай 14 объект бар.

"Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін Салық кодексіне ауыз сумен жабдықтау объектілеріне ұқсас жылумен жабдықтау объектілері бойынша мүлік салығының мөлшерлемесін қысқарту бөлігінде өзгерістерді енгізу ұсынылды (жылдық орташа баланстық құнының 1,5%-дан 0,1%-на дейін)", – деді Годунова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу