Білім министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мекеме директорларының ұзақ уақыт ауыспауында елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін.
Министр мұны конкурстық рәсімдер, жұмысқа орналастыру, балаларды орынмен қамтамасыз ету рәсімдеріндегі мәселелермен байланыстырады. Бейсембаев әрбір директор мен бухгалтердің жеке мүдделері мен лауазымдық мінез-құлқы мәселесін де мұқият зерделеу керектігін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу