70 қабатты зәулім ғимарат: Трамп компаниясы Грузияда Trump Tower салуды жоспарлауда

117

Бұл жоба жүзеге асса, елдегі ең биік ғимаратқа айналмақ.

70 қабатты зәулім ғимарат: Трамп компаниясы Грузияда Trump Tower салуды жоспарлауда Фото: Ted Shaffrey/Associated Press

The Trump Organization Грузия астанасы Тбилиси қаласында 70 қабатты зәулім ғимарат — Trump Tower тұрғызуды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Компания бұл туралы 19 сәуірге қараған түні әлеуметтік желіде хабарлап, жобаның Грузиядағы алғашқы брендтік кешені болатынын атап өтті.

Жоспарға сәйкес, құрылыс бірнеше серіктеспен бірлесіп жүзеге асады. Болашақ кешен тек биік ғимарат қана емес, көпфункционалды орталыққа айналмақ. Онда элиталық пәтерлер, дүкендер, мейрамханалар мен ойын-сауық орындары орналасады. Ғимарат терезелерінен қаланың көрнекті аймақтарына панорамалық көрініс ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін де Trump Tower жобасы Грузияда қолға алынбақ болған. 2012 жылы мұндай зәулім ғимаратты Батуми қаласында салу жоспарланған еді. Алайда сол кезде Дональд Трамп саясатқа белсенді араласып, президенттікке ұмтылған кезеңде бұл жоба басқа халықаралық келісімдермен бірге тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу