70-Канн кинофестивалінде отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Қазақстандық павильон фестиваль сарайындағы Вилледж интернешнл кинонарығы алаңында орналасқан. Бұл отандық киноөндіріс саласы үшін оңтайлы мүмкіндік. Себебі өз жобасын ұсына отырып, қазақстандық тарап жаңа серіктестер табады. Канн кинофестивалінде 40 мемлекет 40-тан астам шатыр тіккен. Оның ішінде алғаш рет Қазақстандық павильон да бар. Бұл алаң отандық жаңа фильмдер мен жобаларды дамыту мақсатындағы кәсіби кездесулер мен келіссөздерге жол ашады. Әрі кино шығарушы ел ретіндегі еліміздің беделін арттырып, киноиндустрия саласындағы әріптестік байланыстарды кеңейтеді. Осы арқылы Қазақстан кино түсіретін ел ретінде өз мүмкіндіктерін паш етпек.