70 кәсіпкерге Alibaba сауда алаңында "Алтын жеткізуші" мәртебесі беріледі

Бұл қазақстандық бизнес иелеріне жаһандық сауда алаңында танымал болуға мүмкіндік береді. 

70 кәсіпкерге Alibaba сауда алаңында "Алтын жеткізуші" мәртебесі беріледі Фото: CNBC

Отандық өндірушілер Alibaba халықаралық сауда платформасы арқылы жаңа нарықтарға шыға алады. Экспорттаушыларды қолдау шарасы ретінде осы платформада 70 компанияға 1 жыл мерзімге "Алтын жеткізуші" мәртебесі бар есепшот беріледі. Бұл кәсіпкерлерге жаһандық сауда алаңына шығуға және шетелде өнімдерінің танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.

 "Экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету аясында 10 елде сауда-экономикалық миссиялар өткізу, сондай-ақ бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелерде экспорттық әлеуетті таныстыру жоспарлануда. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьюторлар арасында тікелей байланыс орнату және сауда қатынастарын жандандыру", – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша QazTrade бағдарламасына қатысушылар құны 700 млн доллардан асатын тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойды. Бүгінде олардың өнімдері Ресей, Қытай және Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу