70-ке жуық авиакомпания Қытайға ұшудан бас тартты

1078

Осыған байланысты авиакомпаниялардың шығыны 4-5 млрд доллар шамасында деп бағалануда.  

70-ке жуық авиакомпания Қытайға ұшудан бас тартты

Әлемде 70-ке жуық авиакомпания Қытайға рейстер орындаудан бас тартты. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ақпаратына сәйкес, бүгінде коронавирустың өршуіне байланысты әлемнің 70-ке жуық авиакомпаниясы Қытайға сапарларын тоқтатты. Тағы 50-і бұл елге рейстерін қысқартты. Осыған байланысты авиакомпаниялардың шығыны 4-5 млрд доллар шамасында деп бағалануда. Бұл сомада Қытайға халықаралық әуе жүк тасымалдарын және ішкі әуе тасымалдарын қысқартудың салдары ескерілмеген. Авиатасымалдарды қысқартудан тек Жапонияның өзі туризмінен 1,3 млрд доллар, ал Таиланд 1,2 млрд доллар жоғалтуы мүмкін", - делінген БҰҰ сайтында.

Мәлім етілгендей, ИКАО коронавирустан келетін зардап 2003 жылы SARS эпидемиясынан болған шығындардан көп болатынына қауіптенеді.

Бүгінде Қытайда коронавирусты жұқтырудың расталған 68 500 жағдайы тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу