70-ке жуық балықшы Ертістен балық аулаудан жарысты

1114

Жалпы командалық есепте 1 орынды жеңіп алған ШҚО командасы бір келі 600 грамм алабұға алып кеткен.

70-ке жуық балықшы Ертістен балық аулаудан жарысты

Павлодар өңірінің Аққулы ауданында мұз астынан балық аулаудан жарыс өткізілді. Бұл туралы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Ерен мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жыл сайын өтетін дәстүрлі балық аулаудан сайысқа биыл Ақсу, Павлодар, көршілес жатқан Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауылынан азаматтар қатысты. Жалпы он үш команданың құрамында үш адамнан және жекелей 20 адам балық аулаудан сынға түсті. Жарыстың өтуіне мұрындық болған жергілікті әкімдік пен ардагерлер қоғамы балықшыларға тегін ыстық тамақ пен шай дайындады", – дейді Аманжол Ерен.

Ең алғашқы балық аудандық аурухананың тіс дәрігері Дархан Қалиевтың қармағына түскен. Қызыләскер ауылдық аймағы Черное ауылының тұрғыны бес жасар Әсия Тұрғынбай  – "Ең кішкентай балықшы", 78 жастағы Әзкен Дүйсенұлы – "Ең үлкен балықшы" және Жаңатаң ауылының құрама командасы "Ең ірі балық" аталымына лайық деп танылды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында Черное ауылынан Сейсенбай Аманжолов жеңімпаз атанған.

Жалпы командалық есепте 1 орынды жеңіп алған ШҚО командасы бір келі 600 грамм алабұға алып кеткен. Ал Жаңатан ауылының құрамасы 2-орынды, "Достар" құрамасы 3-орынды иеленді.

Бірінші орынға ақшалай сыйлық ретінде – 15 бес мың, екінші орынға – 10 мың және үшінші орынға бес мың теңге табыс етілді және "Мaster-fish" дүкенінен сертификаттар мен кубок ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу