Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұл баланың туған кездегі салмағы небәрі 679 грамм болған.
Нәресте 2026 жылғы 8 тамызда кесар тілігі арқылы дүниеге келді. Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап оған қарқынды медициналық көмек қажет болды.
Сәби 70 күн реанимация бөлімінде ем қабылдады. Оның 43 күнінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, кейін 25 күн бойы СИПАП әдісімен тыныс алды.
Дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауы мен емінің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарды. Ол реанимациядан шығарылып, анасының қасына жатқызылды.
Қазір сәбидің салмағы 1 800 граммға жеткен. Ол үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.