2019 жыл – индустрияландырудың екінші бесжылдығының соңғы жылы. Осы уақыт аралығында елімізде өңдеу өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар 43 трлн теңгенің өнімін өндірген. Саладағы еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 35,3 мың АҚШ долларына жетті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
2019 жылдың қарашасында өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1 ай ішінде алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Осы уақыт аралығында саланың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 4,5 трлн теңгені құрады.
2015 жылдан бері отандық кәсіпорындар 70 млрд АҚШ долларына өңделген өнімді экспорттаған, сондай-ақ, инвестиция көлемі шамамен 5 трлн теңгені құраған.