70 мың ресейлік Украинадағы "арнайы операцияға" қатысуға ниетті

484

Ресейде Үкімет төрағасы Михаил Мишустиннің тапсырмасы бойынша "Мемлекеттік қызметтер" порталында Азаматтар үшін ішінара мобилизация бойынша екі жаңа сервис әзірленді. 

70 мың ресейлік Украинадағы "арнайы операцияға" қатысуға ниетті Фото: Сергей Фадеичев/ТАСС

Жоба тексерістен кейін іске қосылып отыр. Бұл туралы вице-премьер Дмитрий Чернышенко 4 қазанда Министрлер Кабинетінің ресми ресурстарында жарияланған бейне хабарламасында айтты.

Ол сервистегі қызметтің бірі – ерікті болғысы келетіндерге, ал екіншісі мобилизация туралы қате шешімге шағымданатын азаматтарға екенін түсіндірді.

"Арнайы операцияға" өз еркімен қатысқы келетіндер алдымен іріктеу талаптары көрсетілген формамен танысу керек. Содан кейін сауалнаманы толтырып, өзіне ыңғайлы әскери комиссариатты таңдап, өтініш жіберу керек. Вице-премьер әскери комиссариатқа баратын күні мен уақыты туралы хабарлама, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі өтініш берушіге екі күн ішінде келетінін айтты.

Әскерге шақыртумен келіспейтіндер сервисте өз атынан немесе туысы үшін өтініш беруді таңдап, ұсынылған тізімнен әскерге қабылдануды кейінге қалдыру себебін түсіндіруі керек. Осыдан кейін жеке деректерді растайтын құжаттарды, шақыру қағазының фотосуретін немесе сканерлеу керек. Әскери билеті туралы мәліметті толтырып, шақыртуды кейінге қалдыру үшін негіз болған себепті растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Сондай-ақ Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан бері "Мемлекеттік қызметтер" сервисінде еріктілер қатарына жазылуға 70 мыңнан астам сұраныс түскенін хабарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу