"70 мыңға жуық дәріні жарты сағаттың ішінде алып кеткен"

787

Премьер-министрдің орынбасары препараттар жетіспеушілігі кезінде оны саудаға айналдырмауды сұрады. 

"70 мыңға жуық дәріні жарты сағаттың ішінде алып кеткен"

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке медициналық ресурстардың жеткіліксіздігі туралы сөз қозғады. 

"Қазір әлеуметтік желілерде нешетүрлі емдеу жолдарын көріп алып, соған байланысты дәрі-дәрмек сұрап жатқан азаматтар аз емес. Бірақ емдеу жолдарын ауру нақты анықталғаннан кейін тек дәрігер белгілеуі керек. Тіпті 70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен жағдай да болды. Сондықтан құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді", – деген Премьер-министрдің орынбасары препараттар жетіспеушілігі кезінде оны саудаға айналдырмауды сұрады. 

"Бүкіл азаматтардан сұрайтынымыз кейбір адамар бұндайды сауда-саттыққа айналдырғысы келеді. Осындай жағдай белгілі болғанда, бізге тез арада ақпарат беруді өтінеміз", – деді ол. 

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу