70 офицер қамауға алынды

559

70 офицер қамауға алынды

Түрік күштік құрылымы белгілі ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленге қатысты күдік бойынша бірнеше тексеру операциясын жүргізді. Нәтижесінде, 70 офицер қамауға алынды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Операция Анкара, Кайсери, Конья, Измир, Стамбул, Эскишехир және Ялова провинцияларында жүргізілген.

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, әскери әуе және әскери теңіз күштері, армия және жандармерияның 70 офицері ұсталған. Олардың барлығына Фетхуллах Гүлен ұйымына (FETO) байланысы бар деген айып тағылған.

Айта кету керек, өткен айда түрік билігі республика бойынша 117 әскери қызметкерді тұтқындаған. Ресми Анкара Фетхуллах Гүленді 2016 жылдың шілде айында орын алған бүліктің ұйымдастырушысы деп таныды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу