70 жастағы қызылордалық 25 жылдан бері асқазансыз өмір сүріп жүр

Ол асқазанын 1998 жылы алдырып тастауға мәжбүр болған.  

70 жастағы қызылордалық 25 жылдан бері асқазансыз өмір сүріп жүр Фото: А.Аханова

Науқас жылына екі рет ем қабылдайды.

Қатерлі ісіктен табандылығы мен антына адал жандардың кәсіби мықтылығының арқасында дер кезінде сақтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қызылордалық тұрғын Римма Ким асқазанын толық алып тастаған.

"Алғашқыда үлкен жараның кесірінен асқазанның жартысынан көбін алып тастады. Бірақ, бірнеше жылдан соң ісік анықталды. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның дәрігерлері асқазанның барлық бөлігін алып тастауға мәжбүр болды. Асқорыту жүйесінің қызметін ішек қапшығы орындайды екен. Ауыр оңалту кезеңінен және химиотерапия курстарынан өттім. Облыстық онкологиялық орталықта жылына екі мәрте ем қабылдаймын. МӘМС жүйесінің арқасында дәрі-дәрмек қолжетімді, МРТ, КТ, ФГДС тегін өтемін. 90-жылдары мұның бәрі ақылы болды", - дейді ол.

Римма Ким әр науқастың өмірі үшін күресетін ақ халаттыларға алғыс білдіреді. "Қатерлі ісік – бұл өлімге үкім емес" дейді дәрігерлер.

"Онкологиялық ауру оның сатысына, науқастың эмоционалды жағдайына, оны қалай емдеуіне байланысты. Қазір медицинада хирургиялық емдеу, сәулелік терапия, химиотерапия, иммунопрепараттардың үлкен арсеналы бар. Мұның бәрі науқастың денсаулығын жақсартады, өмірін ұзартады. Бірақ, ең алдымен, уақытылы тексерістен өту қажет. Қатерлі ісіккүмәні байқалса, МӘМС аясында тексерулер мен емдеу халықтың барлық тобына ыңғайлы",- деп атап өтті Қызылорда облыстық онкологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Болат Спандиярұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу