Бразилияның Пара штатындағы Шингу өзенінде 70 жолаушысы бар кеме суға батып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
25 адам құтқарылды. Қалған жолаушылар табылмай жатыр.
Кеменің қалай апатқа ұшырағаны әлі белгісіз. Оған жолаушылардың шамадан тыс көптігі себеп болуы мүмкін.
Тергеушілер кеменің адамдарды тасымалдауға рұқсаты болмағанын анықтады.
Су көлігі Сантарен қаласынан Витория-ду-Шингу шаһарына аттанған екен. Қазір апат болған аумақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу