70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды

524

Бұған ауа райының қолайсыздығы әсер етті.

70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды Фото: inbusiness.kz

Астана – Талдықорған бағытындағы Qazaq Air рейсінің тоқтатылуына Талдықорған әуежайындағы күрделі метеорологиялық жағдайлар әсер етті. Ұшу-қону жолағы қардан тазаланбаған және әуе кемелерін қар мен мұздан тазартуға арналған сұйықтық жетіспеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qazaq Air компаниясының өкілі рейстердің тоқтатылуына әуе компаниясының еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Келесі рейс Астанадан Талдықорғанға 13 желтоқсанда ұшады", –  деп Qazaq Air өкілі жолаушыларды тыныштандыруға тырысты. 

Алайда бұл рейстің де ұшуы белгісіз, себебі орындардың толып қалу қаупі бар. Осылайша жолаушыларға үш күн бойы әуежайда күтуді немесе өз бетімен Талдықорғанға жетудің жолын табуды ұсынды.

"Біз билеттерді ыңғайлы әрі жедел ұшу үшін сатып алдық. Бірақ салдарынан қосымша шығынға ұшырап, уақыт жоғалтуға мәжбүр болдық", – деп шағымданды жолаушылар.

Жолаушылардың бірі Астанадан Алматыға жаңа билет сатып алуға мәжбүр болғанын айтты. Оның құны 71 мың теңге болып, ал Талдықорғанға жету үшін такси жалдауға тура келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу