700-дей медициналық қызметкер қонақ үйлерге орналастырылды

657

Оларға материалдық тұрғыдан да қолдау көрсетілуде.

700-дей медициналық қызметкер қонақ үйлерге орналастырылды

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова медициналық қызметкерлердің арасында індетті таратпау үшін қолға алынып жатқан шаралардан хабардар етті.

"Коронавирустік инфекцияны емдейтін мекемелердің медициналық қызметкерлері арасында індеттің тарауына жол бермеу үшін әрі моральдік-психологиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, 700-дей медициналық қызметкер қаладағы қонақ үйлерге орналастырылды. Қонақ үйде олар жерде үш уақыт тамақтанады. Сонымен қатар, олардың жұмысқа барып-қайтуына көлік бөлінді. Пациенттермен және медициналық қызметкерлермен арнайы психолог жұмыс істейді", – деді Сәуле Қисықова.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы медициналық қызметкерлерге материалдық тұрғыдан да қолдау көрсетіліп жатқанын айтып өтті.

"Президент тапсырмасы бойынша коронавируспен күрес жүргізіп жатқан 7469 медициналық қызметкерге, яғни 163 дәрігер, 683 орта медициналық қызметкер, 623 жас медициналық маманға наурыз айында 150 млн теңге сыйақы төленді. Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасымен, "Біз біргеміз" қорынан коронавируспен ауыратын адамдармен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерді қолдау үшін қосымша 25 млн теңге бөлінді", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу