700-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алады

1121

700-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алады

700-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алады. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі этностың 734 өкілі еліміздің азаматы болады.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бері 1 миллионнан астам адам азаматтық алғанына тоқталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен орнықты өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның әлемдегі тартымды мемлекеттердің біріне айналғанын айғақтайды.

Мемлекеттік хатшы жаңа отандастар еліміздің лайықты азаматы болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу