700-ден астам алматылықты кене шақты

1039

Кене шаққандардың барлығына дер кезінде кенеге қарсы иммуноглобулин егілді.

700-ден астам алматылықты кене шақты

Алматыда жазғы маусым басталғалы бері 758 адамды кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 4 мамырдан бастап жалпы ауданы 2 402 га аумақта кенеге қарсы сұйықпен өңдеудің 1 кезеңі басталды. Яғни, Алатау, Алмалы, М.Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб аудандарының қалалық саябақтары, скверлері мен Алма-Арасан шатқалы өңделді. Өңделген жердің жалпы көлемі 530 гектар .

Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығының филиалы аудандық Сапа мен қауіпсіздікті және тауарларды бақылау басқармасы мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.

Жауапты мамандар қала тұрғындарын кенелердің белсенді маусымы кезеңінде кене энцефалитінің табиғи ошағына барғанда (тауға шығу, орман, Алматы қаласы және оның маңайында орналасқан лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарындағы демалыс кезінде) сақтануға шақырды.

"Егер кене шағып алған жағдайда шұғыл түрде (алғашқы үш тәулік ішінде) серопрофилактика пунктіне жүгіну қажет. Онда зардап шегушіден кенені алып тастау және шұғыл серопрофилактиканы қамтитын білікті көмек көрсетіледі, яғни кенеге қарсы арнайы иммуноглобулин егіледі", - деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі COVID-19 карантин кезеңінде кене шағудан зардап шеккендерге 3 медициналық ұйымның травматологиялық пункттерінде көмек көрсетіледі: №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220, тел. 3003701);№ 7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықш. ауданы, Райымбек даңғылы, тел. 2708631, ішкі. 138); Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 2748319).

Кене белсенділігінің маусымы басталғалы қаланың медициналық ұйымдарына 758 адам жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейін 439 бала бар. Кене шаққандардың барлығына дер кезінде кенеге қарсы иммуноглобулин егілді. Алматыда кене энцефалиті тіркелген жоқ.

2019 жылдың осы кезеңінде 1 450 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 757 бала кене шақты деп шағымданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу