700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр

224

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр Фото: akorda.kz

Бүгін 700-ден астам шетелдік журналист Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінен хабар таратып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу