700-ден астам заңсыз ойын орындары жабылды

859

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Стоп-игра" жедел-алдын алу шарасы шеңберінде заңсыз ойын орындарын жою бойынша ауқымды іс-шараларды өткізіп келеді.

700-ден астам заңсыз ойын орындары жабылды

2019 жылдан бастап рейдтік шаралар аясында шаһарда 712 сауда орнынан ойын терминалдары анықталған.

"Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94 қылмыс тіркелді, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, онлайн-құмар ойындар ұйымдастырылған 7 астыртын казино және 9 компьютерлік клуб анықталып, жабылды, Заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын терминалдары алынып, жойылды. Алматы қаласының аумағында 60 орыннан тұратын заңсыз ойын мекемелерінің желісін құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі әртүрлі мерзімге сотталды (соның ішінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде)",– деп жазылған ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында жедел-тергеу топтары құрылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу