700-ге жуық маңғыстаулық көлікті мас күйінде жүргізген

415

8 айдың ішінде өңірде 80 591 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

700-ге жуық маңғыстаулық көлікті мас күйінде жүргізген Фото: Маңғыстау облысы ПД

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау барысында 80 591 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Оның ішінде 671 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 6637-і құжатсыз көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 7839 жаяу жүргіншіге белгіленбеген жерде жолды кесіп өткені үшін айыппұл салынды.                                                                                   

"5676 жүргізуші көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде автокөлікті басқарған. Оларға ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасалды. 1908 жүргізуші техникалық байқаудан өтпегені үшін осы баптың 9-бөлігі бойынша жауапқа тартылған",- дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.                                                                                                                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу