700 млрд теңгенің 100 жобасы

680

700 млрд теңгенің 100 жобасы

Елімізде 700 млрд теңгенің 100-ден астам жобасы іске қосылуы тиіс. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек бұл "Индустрияландыру картасы" бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыс екенін айтады.

Дегенмен, 2017 жылдың І тоқсанында 7,6 млрд теңгені құрап, 10 жоба қызметіне кірісіпті. Сәйкесінше, қосымша 415 тұрақты жұмыс орны ашылған. Министр негізгі өндіріс саласында да биыл өсім 5,8% жоғарылағанын жеткізіп отыр. Мәселен, тау-кен 5,6%, түрлі-түсті металдар 10,8% және темір кен өндірісі 11,4%-ға артқан. Жеңіс Қасымбек индустрияландыру саясатына қатысты алда тағы бірқатар бағдарламаның түзілетінін де айтады.

Автор: Құралай Пионер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу